Жарнама
Жаңалықтар

Қаржының нақты қайтарымы

  Осыдан бес жыл бұрын «Health Care Atyrau» мекемесі өзінің «WESTERN CLINIC» көпқызметті клиникасын ашқан еді.

   Қазіргі таңда, мұнда жоғары білікті мамандармен түрлі медициналық қызмет түрлері көрсетіліп, диагностикалық заманауи құрыл-ғылар сатып алынған. Аталған мекеме кәсіпкерлерді қолдау орталығында толықтай мағлұмат алып, өткен жылы қаладағы «Сбербанк» филиалына қаржыландыруға өтінім берген болатын. Банк өтінімді мақұлдап, 100 млн. теңге көлемінде несие бөлді. Бұл сома 14 пайыздық мөлшерлемемен берілсе, оның жартысын мемлекет субсидиялайды. Сонымен қатар, серіктестік «Даму» қорының 50 млн. теңге көлемінде кепілдемесін алды. Бұл қаражат медициналық орталықтың ішкі құрылыс жұ-мыстарына және жаңа құрылғылар сатып алуға жұмсалды. «Health Care Atyrau» ЖШС бас директоры Руслан Мехдиевтің айтуынша, бұрын клиникада 149 адам еңбек етсе, қазір 170-тен асты. Алдағы уақытта да қызмет түрлері мен мамандар саны арта бермек.

 А.АБДОЛОВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button