Жарнама
Жаңалықтар

ҚАРБЫЗДАН УЛАНЫП ҚАЛМАҢЫЗ!

  Облыс орталығындағы базарларды аралап, сөрелерін «сүзгіден» өткізген тексерушілер нитрат мөлшері нормадан асып кеткен қарбыздардың сатылымға шыққанын анықтады.

  Тиісті мөлшер бойынша қарбыздағы нитраттың нормасы 60 миллиграмнан аспауы тиіс. Алайда, шаһардың кейбір сауда орындарында бұл көрсетілген мөлшерге сәйкес келмейтін, оңтүстіктіктен келген қарбыздар сатылып жатыр. Бұл жағдай жергілікті санитар-дәрігерлерді де алаңдата бастады. Атырау қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысы Темірбек Мұсағалиевтің мәліметінше, арнайы құрылғы арқылы тексерілген 10 қарбыздың 9-ының құрамындағы нитрат мөлшері нормадан асып кеткен, тіпті 4 – 5 есе көп болып шыққан. Бұл тұрғындар үшін өте қауіпті, тіпті жаппай уланып қалуы да мүмкін. Айта кетелік, жаз келісімен жұртшылықтың асыға күтетін мерзімдік көкөніс түрінің келісі 200 теңгеден сатылып келді. Тексеріс қорытындысы бойынша базар әкімшілігіне қарбыздарды дүкен сөрелерінен алып тастап, көзін жою тапсырылды.

Рита ӨТЕУҒАЛИ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button