ҚАРАЖАТСЫЗ ҚАЙ ШАРУА ДА БІТПЕЙДІ
Алдымен, қалалық мәслихаттың осы жылғы жұмыс жоспарына сәйкес экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Рулана Досқалиева 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті жөнінде қысқаша баяндама жасады. Ондағы негізгі көрсеткіштерге көз жүгіртер болсақ, келер жылға арналған қала бюджет 71 826 624 мың теңгені құрап отыр.
Келесі кезекте, Дамбы ауылдық округ әкімі Ұзақбай Байзуллин өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалысы жөнінде депутаттар алдында есеп берді. Мұнда кәсіпкерлік бағыттағы жұмыстардың кенже қалып отырғандығы байқалады. Шаһар басшысы осы мәселені келесі жылы дереу қолға алуды тапсырды. Осыдан кейін, белгілі кәсіпкер, меценат Төкен Жұмағұловқа «Атырау қаласының Құрметті азаматы» атағын беру және еліне еңбегі сіңген бірнеше атыраулық азаматты Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ұсыныстар қолдау тапты. Сондай-ақ, қалалық мәслихат аппаратының «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің еңбегін жыл сайынғы бағалау әдістемесі бекітілді.
Бүгінгі таңға дейін шешімін таба алмай жүрген тағы бір мәселе, облыс орталығындағы бұрынғы «Ет комбинаты» аумағы, қазіргі Алмагүл мен Сарықамыс-2 шағынаудандарындағы 16 көше атауына Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдерін беру туралы шешімдер бірауыздан мақұлданды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.