Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарҚоғам

Карантиндегі Атырау: 50 мың теңге кімдерге беріледі?

Аtr.kz/21 сәуір, 2020 жыл. Ескерерлігі 50 мың теңге көлеміндегі жәрдемақы әзірге бір реттік.


Бұл мәселеге жергілікті Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла түсінік берді.


«50 мың теңге мәселесіне байланысты қоғамда көптеген сұрақтар бар. Басын ашып айтайық, бұл республикалық «Біргеміз» қорынан «Нұр Отан» партиясы арқылы түскен қаржы. Яғни, бұл мемлекеттік қазынадан емес, демеушілер тарапынан халыққа көмек ретінде беріліп отырған қаражат.


Атырау қаласы карантинге жабылғаннан кейін бастапқыда бірінші, екінші топ мүгедектеріне, әлеуметтік төлем алып отырғандарға демеушілер тарапынан бөлінген қаражат есебінен 50 мың теңге көлемінде жәрдем бөліне бастады.

1 3


Бұл қаржы тек әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ғана беріледі. Жергілікті жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында төлем бөлу мәселесі жан-жақты зерделенеді. Демеушілер көмегі «Нұр Отан» партиясы арқылы түседі» деп атап өтті спикер Серік Қамидолла.


Еске сала кетелік, материалдық көмекке Birgemiz қорынан 7,6 млрд теңге қарастырылды. Бұл қаржы 152 мың мұқтаж азаматқа беріледі.
Елімізде төтенше жағдай жарияланған алғашқы кездің өзінде мемлекет қазынасынан бірінші, екінші топ мүгедектеріне, мүмкіндігі шектеулі балаларға, аталған санаттағы бала асырап отырған аналарға жәрдемақы төленді.


Кейін жәрдемақы көлемі аталған топпен бірге, үшінші топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қамтыды. Және жергілікті атқарушы органдарға жұмыссыз есебіне тіркелген азаматтарға екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде жәрдемақы тағайындалды.


Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button