Карантинде жұмысы тоқтатылған шағын және орта бизнесті қолдаудың қосымша шаралары бекітілді
Atr.kz/5 тамыз, 2020 жыл. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша қолдау шараларын көрсету тәртібін бекітті.
«3 тамыздан бастап қатаң шектеу карантиндік шараларының ұзартылуына байланысты ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қызметі шектеулі, тыйым салынған немесе карантин шараларын енгізу нәтижесінде тоқтатылған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдаудың қосымша шараларын бекітті», делінген хабарламада.
Агенттік баспасөз қызметінің мәліметінше, ШОБ субъектілері үшін банк қарызы мен шағын несие шарттары бойынша 2020 жылғы 3 тамыздан 1 қазанға дейін 60 күнге кейінге қалдыру мүмкіндігі беріледі.
«ШОК субъектілерінің банк қарызы және (немесе) микрокредит шарттары бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігін беру үшін кредиттік ұйым шешімді қарыз алушының өтініші негізінде және қарыз алушының қаржылық жай-күйінің нашарлауын растайтын құжаттарды беруін талап етпей қабылдайды. Кредиттік ұйымдары қарыз алушының өтінішін 2 жұмыс күні ішінде қарауы тиіс», делінген хабарламада.
Банктік қарыз немесе микрокредит шарты бойынша төлемді кейінге қалдыру, егер қарыз алушының өтінішінде берешекті өтеудің басқа әдісі көрсетілмесе, қарыз алушының бұрын мерзімі кешіктірілген төлем қарыз мерзімі аяқталғанға дейін тепе-тең бөлу түрінде жаңа төлем кестесін жасау арқылы қамтамасыз етіледі.
Кейінге қалдыруды ұсыну тәртібі мынадай салаларда қызметін жүзеге асыратын ШОБ субъектілеріне қолданылады:
жабық жұмыс (азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын базарлардағы);
қалааралық автобустардың (микроавтобустардың), қала маңындағы жолаушылар поездарының (жұмыс поездарын қоспағанда, электричкалардың) қозғалысы, жалпы вагондарды қалыптастыру;
3) автобус стансалары (автовокзалдар);
4) ойын-сауық мекемелерінің, кинотеатрлардың, фудкорттардың, банкет залдарының;
5) мейрамханалардың, барлардың, түнгі және ойын клубтарының жұмысы;
6) тұруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтер;
7) денсаулық сақтау саласындағы қызмет;
8) туристік агенттіктер мен операторлардың қызметі;
9) ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру бойынша қызмет;
10) сыйақыға немесе шарттық негізде жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар;
11) мәдениет объектілерінің, мұражайлардың жұмысы, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізу;
12) мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысы (жеке меншік, мемлекеттік тапсырыссыз);
13) жеке меншік орта білім беру ұйымдарының жұмысы;
14) көпшілік іс-шаралар (ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік және басқа көпшілік іс-шаралар, оның ішінде үйде);
15) спорт залдарының, фитнес-орталықтардың, бассейндердің, жағажайлардың, аквапарктердің жұмысы;
16) діни объектілердің жұмысы;
17) косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондардың жұмысы;
18) коммерциялық қызметті қолдауға бағытталған офистік әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет.
Экономиканың басқа салалары бойынша ШОК субъектісі 15 қыркүйекке дейін қаржылық жай-күйінің нашарлауын растайтын құжаттарды қоса беріп кредит ұйымына өтініш жасай алады. ШОК-тің бұл санаты үшін өтініштерді қарау мерзімі 10 жұмыс күніне дейін қысқартылған. Кредиттік ұйым жеке тәртіппен бағалауды жүзеге асырады және қаржылық жай-күйі нашарлаған кезде кемінде 90 күннен аспайтын мерзімге кредит бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды ұсынады.
Агенттіктің №311 бұйрығының толық нұсқасымен мына сілтемеде танысуға болады.
Дереккөз: ҚазАқпарат