COVID-19: Соңғы поштадан...БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтарҚұқық
Карантинде жатуға тиіс атыраулық тұрғын көше бойында тайраңдап жүр (+ВИДЕО)
Atr.kz/29 наурыз, 2020 жыл. Атырауда полицейлер бекітілген ережені бұзбауға шақырды.
Әлеуметтік желілерде тараған қозғалыс шектелген тұрғын үйлердің біріндегі карантин режимін бұзып,сыртқа шығып кеткен азаматшаға қатысты Қазақстан республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476 бабымен әкімшілік хаттама толтырылды. Іс-құжаттар сотқа жолданды.
Облыстық полиция департаменті атыраулықтардан бекітілген ережелерге жауапкершілікпен қарауды сұрайды.
Айбөпе Мұратқызы