КАРАНТИН: Теңіз кенішінен 3000-ға жуық жұмысшы шығарылды
Аtr.kz/22 сәуір, 2020 жыл. «Теңіз кенішінен ТШО және өзге де мердігер компаниялардың жұмысшыларын уақытша шығару жалғасуда.
Қазіргі жағдайда Теңіз кенішінен 17 мың адам шығарылады. Оның ішінде, 7191 адам Атырау облысының тұрғындары» деп хабарлайды Атырау облысында төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.
16 сәуірден бастап Теңіз кенішін 2868 жұмысшы тастап шықты. Оның ішінде, 1619 адам Атырау облысының тұрғындары.
Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысына — 283, Түркістан облысына — 241, Қызылорда облысына — 166, Жамбыл облысына – 103, Ақтөбе облысына – 455 адам жеткізілді.
Теңіз кеніші аумағынан шығарылар алдында барлық жұмысшылар COVID-19 инфекциясына міндетті тестті тапсырды.
Қазіргі таңда ТШО компаниясы жұмысшыларды тұрақты мекен- жайына жеткенге дейінгі барлық жол шығындарын өз есебінен жүзеге асырып отыр.
Жұмысшыларды шығаруға автобус, әуе және темір жол көліктері қолданылуда. ТШО компаниясының атап өтуінше, Теңіз кенішінен тікелей өндіріске қатысы жоқ, шұғыл емес персоналдар шығарылуда.
Қазіргі таңда ТШО компаниясының өндірістік қызметі штаттық режимде жалғасып жатыр.