Карантин: коммуналдық қызмет төлеміне көмек көрсетіледі
Аtr.kz/18 сәуір, 2020 жыл. Қазақстанда карантин енгізілген өңірлерде тұратын азаматтардың кей категориясына коммуналдық қызметтер төлемі субсидияланады.
«Әкімдіктер тұтынушылардың дербес (абоненттік) шоттарына екі ай бойы 15 мың теңгеден жөнелтіп отырады» деп хабарлайды Қазақстанда төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Төлем алушылардың келесі санаттары анықталды:
✅ 1, 2, 3 топ мүгедектері;
✅ мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
✅ көпбалалы отбасылар;
✅ Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, оларға теңестірілген тұлғалар;
✅ мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау барысында, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық барысында немесе ұшу кезінде, адам өмірін құтқару және құқық тәртібін сақтау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары;
✅ төмен және одан аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;
✅ атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер.
Төлемді қалай алуға болады?
Ақпараттық жүйелер немесе call-орталық арқылы жеке сәйкестіндіру нөмірін (ЖСН), әлеуметтік дәрежесін және дербес шот деректерін көрсете отырып, әкімдікке өтінім беру керек.