КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ КӘСІПКЕРЛІК

karantin mozhet stat prichinoj dlya vremennoj netrudosposobnosti tselogo shtata sotrudnikov Жаңалықтар

Atr.kz / 14 шілде, 2020 жыл.  Қоғам мен кәсіпкерліктің қарым-қатынасы – ортақ мүдде, екіжақты жауапкершілік. Олар бүгінде бірінсіз екіншісі өмір сүре алмайды. Демек, осы жағдай ескерілуі тиіс. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшылығының пайымдауынша, енді оның ауыртпалығы наурыздағы тыйым салудан да көбірек болмақ. Өйткені, көктемге дейін бизнес иелері еркін еңбек етіп, азды-көпті қаражат жинап алды.

Сөйтіп, бірер ай соны қорек етуге жағдайлары жетті. Алдындағы айлығы соңғысына жалғасып, мұндай орындарда жұмыс жасайтындардың отбасылық бюджеті де қалыптасты. Тіпті, кейбір кәсіпкерлер қызметкерлеріне жартылай жалақы да берді. Ал, қазір мұндай мүмкіндік бар ма?

Көктемдегі карантиннің алынғанына көп уақыт өтпестен бүгінде шектеу шаралары қайта күшейді. Сондықтан, кәсіпкерлікке құлашын кең жаюға әлі ерте. Қалыпты қызметіне көшпек түгілі, олардың ілгергі мерзімде шеккен шығыны өтелген жоқ. Банктерге берешегі сақталды. Бюджетке төлейтіні тағы бар. Әсіресе, сауда орындарының бұрынғы серпіні сезілмейді. Халық қаржысын санап, ең қажет нәрсесін ғана алуда. Алдағы уақытта да асып- тасу бола қоймас. Тұтынушы дегеніміздің өзі де осындай бизнес нысандарында жұмыс жасайтындар емес пе? Ендеше, жұрттың сатып алу қабілеті кемісе, кәсіпкерлер табысты қайдан түсірер?

Тағы карантин жағдайында жұмыссыз қалғандарға қайта әлеуметтік қолдау көрсетуге тура келеді. Қазіргі инфляцияны есептегенде, енді 42500 теңге аздық етеді. Ал, жүздеген, тіпті мыңдаған адамға жәрдемақы қайдан табылады? Бұған дейін әлеуметтік сақтандыру қорынан төленді. Бүгінде оның да мүмкіндігі шектеулі. Қосымша қаржы көзін іздестіруге тура келе ме? Әлде Ұлттық қорға салмақ салына ма? Ол да түпсіз терең емес. Әрі, әлемдік нарықта «қара алтын» құны құлдырап тұрғанда, мұндағы түсім де шамалы. Кәсіпкерлік нысандары шетінен тоқтаса, бюджетке салық та төленбейді.

Осы орайда, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірнеше ұсыныс білдіреді. Алдымен, әрине, сақтық шаралары қажет- ақ. Бизнес объектілерінің дені тиісті талапты сақтап отыр дегенмен, арасында көзбояушылыққа салынып жүргендері де жоқ емес. Оны күнделікті өмірде өзіміз де көріп жүрміз. Тиісті меке­мелер тарапынан ара-тұра ұйымдастырылатын тексе­рулер тиімділігін көрсеткен жоқ. Бір нысанға жаза қолданылып жатса, кемшілік екіншісінде бой көрсетеді. Соған сәйкес, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер пала­тасы құзырлы орындармен бірлесіп, бизнес нысанда­рын қашықтан бақылауды ұйымдастыруға дайын. Мәселен, көпшілік жиі жи­налатын сауда ойын-сауық орталықтарын, кинотеатрлар­ды, мейрамханаларды осылай қадағалауға болады емес пе? Сайып келгенде, солардың бәрінде бейнекамералар орнатылған. Соның жәрдеміне жүгініп, санитарлық ереже талаптарын қасақана немесе өрескел бұзған кәсіпкерлік о б ъ е к т і л е р і н о ң а й – а қ анықтауға мүмкіндік бар.

Одан әрі, бүгінде қарапайым қорғаныш құралдары – бетперде мен қолғапты әлеуметтік қорғауды қажет ететін жандарға тегін таратуды ұйымдастыру қажет. Қазір республикада олардың өндірісі жолға қойылған. Бастапқыдай е м е с , д ә р і х а н а л а р д а бар. Тек жиі тұтынуға бәрінің жағдайы жетпеуі мүмкін. Ендеше, құзырлы орындарда зейнеткерлердің, мүгедектердің, жалғызбасты жандардың, көп балалы отбасылардың тізімі бар емес пе? Сол бойынша көмек көрсетуге болады ғой. Көктемдегі қарбаласта барлығы қамтылмағаны анық. Себебі, егде адамдар компьютер тілін білмейді, өздігінен өтініш білдіре алмайды. Атырауда да жәрдем жетпеген жандар болуы әбден ықтимал.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір актілеріне өзгеріс енгізу қажет. Мысалы, қолданыстағы ережеге сәйкес, жекеменшік медицина мекемелеріне он­лайн кеңес беруге, «Жедел жәрдем» қызметі мен үйде стационарлық көмек көрсетуге тыйым салынған. Бұл олардың вирусқа қарсы күреске бел шеше кірісуін тежейді. Қазір елімізде, соның ішінде Аты­рауда да, дәрігерлер мен мед­бикелер жетпей жатыр. Ен­деше, бұлай алалау кімге ке­рек? Нағыз «бір жағадан бас шығаратын» кез емес пе?

Ақырында, медициналық сақтандыру қоры арқылы азаматтарды қатерлі дертке қарсы дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз ету қажеттігі туды. Әрине, мұнда да тәртіп керек. Дегенмен, сын сағатта осы ұйымның қызметі нақты көрініс табуы тиіс. Сынамаға қатысты да сауал көп. Ақылы ма, әлде тегін бе? Саулығын тексертуге асыққан адамдар оған төлейтін ақшаны қымбат санайды. Анық-қанығын кім айтады?

Биылғы сәуірде «Атаме­кен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы санитарлық ережені қалыптастыруға қатысты бірнеше бастама көтерді. Б і р іншіден, бизнесті ң барлық саласында осындай қағида қалыптастыру. Оған санитарлық дәрігерлермен қатар, кәсіпкерлердің өздері және салалас қауымдастық сарапшылары қатысуы қажет. Халықаралық тәжірибелерді таразыға тартып, озығын өмірге енгізген жөн.

Екіншіден, кәсіпорындарда «электронды санитарлық төлқұжат» жүргізу. Яғни, бұларда тиісті талаптардың сақталуын сандық тәсілмен тұрақты қадағалау. Жалпы, мұны науқандық шараға ай­налдырмай, үнемі қолдану қажет.

Ү ш і н ш і д е н , б и з ­нес иелері мен жеке азаматтардың санитарлық ережені сақтамағаны үшін жауапкершілік жігін ажыра­ту. Расында да, сауда орнына тұтынушы бетпердесіз кіріп кетсе, оған сатушы кінәлі ме? Қазір қоғамдық көлікте мұндай көрініс жиі байқалады. Кон­дукторлар ескертіп-ақ жатыр. Құлақ асу шамалы. Ендеше, тек кәсіпкерге ғана емес, екінші жаққа да шара қолдану қажет.

Төртіншіден, мүмкіндігі бола тұра санитарлық ережені қасақана неме­се үнемі бұзатын кәсіп иесі қатаң жазаға тартылуы тиіс. Өйткені, алдыңғы кезекте адам саулығы тұр. Таразыға соның тағдыры тартылды. Ал, қарапайым қорғаныш құралын сатып алуға шамасы жетпейтін шағын нысанға мемлекет та­рапынан көмек керек емес пе? Бұларды шетінен жаба берсе, көп адам күнделікті күнкөрісінен қағылмай ма? Оның үстіне, орталықтағы ірі сауда орындары, базарлар жабылған сәтте жұрт шаһар сыртындағы осындай кішкене дүкендерді жағалауда.

P.S.

Заң бұзушылықтыңөзі– тыйым салынған нәрсегеқарсыәрекет. Сақтық шараларын сақтаған нысандардың жұмысын сәл шектегенмен, толық жауып тастаған жараспайтын секілді. Сайып келгенде, жауапкершілік – бизнес иесіне де, жәй адамдарға да ортақ. Сондықтан, екі жақ та одан жалтармауы тиіс.

Меңдібай СҮМЕСІНОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз