Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

КАРАНТИН: Атырауда енді балалардың ойын алаңы да бақылауда болады

Аtr.kz/16 сәуір, 2020 жыл. Бұл туралы бүгін Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ринат Жанғылышов мәлімдеді.


«Ертеңнен бастап Атырауда оқшаулау жұмыстары, жалпы, карантин талаптары кең ауқымды түрде жүзеге асады. Осы ретте, балалар ойын алаңының да бақылауда болатынын атап өткім келеді. 


Қазіргі уақытта балалар  бетпердесіз, қолғапсыз далада ойнап жатыр. Бұл өте қауіпті. Балаларды мүмкіндігінше үйде ұстауды сұраймыз. Және дезинфекциялық жұмыстар кезінде балаларды ойын алаңдарына жібермеуді ұсынамыз.

Бұл шектеулердің барлығы ортақ қауіпсіздік үшін атқарылып жатқан шаралар екендігін түсінуге шақырамыз» деп нақтылады спикер Ринат Жанғылышов. 

http://atr.kz/bez-rubriki/karantin-atyraudagy-shekteu-sharalarynyn-tolyq-nusqasy-zhari%d1%8flandy/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button