Жарнама
Жаңалықтар

Қарағанды облысының Гүлшат елді мекенінде радикалды топ ұсталды

  Олар қолдан жасалған жарылғыш заттарды пайдаланып, террористік актілер жасамақ болған екен. Лаңкестерді ұстау операциясы барысында олардың бірі өзін-өзі жарып жіберіп, оқиға орнында тіл тартпай кетті. Топтың өзге де бес содыры ұсталып, қамауға алынды. ҰҚК баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, олардан жарылғыш зат дайындауға арналған заттар, суық қару-жарақ және өзге де айғақтар табылған. Tengrinews.kz интернет ресурсының мәліметінше, ҰҚК басшысы Владимир Жұмақановтың аталған іс бойынша сотқа дейіні тергеу амалдары жүріп жатқанын және бұл оқиғаның Ақтөбедегі терактімен байланысы жоқ екені туралы хабарлағаны жазылады.

Рита ӨТЕУҒАЛИ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button