Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Камила көпшілікті сүйсінтті

Atr.kz/14 ақпан, 2020 жыл. Өзгелерге құрмет көрсетіп, адамгершілік қарым-қатынасқа ден қойған еріктілер қатары жас ерекшеліктеріне қарамай, күн санап артуда.

Соның бірі Атырау қаласындағы №3 орта мектептің жетінші сынып оқушысы – Камила Смайлова. Оның «Арнаулы автобаза» мекемесінің жолдағы тазалық қызметкерлеріне түскі уақытта ыстық шай мен самса таратуы көпшілікті сүйсінтті. Бұл күні ауа райы суытып, салқын болды. Осы кезде Камила күннің салқындығына қарамастан көшелерде қаламыздың тазалығын сақтап, жұмыс жасап жүрген адамдарға өзінің көмегін көрсеткісі келді. Оның бұл ұсынысын отбасындағылар да қолдап, анасы қызының тілегін орындауға атсалысты.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button