ҚАЛА ЖӘНЕ СЕЛОЛЫҚ ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫ НАЗАРЫНА!

Атырау қалалық әкімдігінің 2014 жылғы 25 шілдедегі №781 «Елді мекендердің санитарлық тазалығы, сумен қамтылуы және канализация объектілерінің 2014-2015 жылдардың күзгі-қысқы маусымына дайындығы туралы» қаулысына сәйкес үстіміздегі жылдың 1 тамызы мен 1 қазаны аралығы Атырау қаласы бойынша санитарлық тазалық екі айлығы болып жарияланды.

Осыған орай, қала аумағында 9, 16, 23 тамыз және 6, 13, 20 қыркүйек күндері жалпықалалық сенбіліктер ұйымдастырылады.

Құрметті қала және ауылдық округ азаматтары! Ағымдағы жылдың 9 тамыз күні «Туған қала тазалығы – өз қолыңда!» ұранымен өткізілетін жалпықалалық сенбілікте жұмыс орындарыңыз бен тұрғылықты мекен-жайларыңызда: саябақтар мен балалар ойын алаңдарын, скверлерді, мектеп және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының аулаларын, әкімшілік ғимараттар мен өз үйіңіздің аумағын көркейтуге шақырамыз!

Туған өлке тазалығына өз үлесімізді қосайық!

Атырау қалалық әкімдігі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз