ҚҰЖАТ АЛУҒА КЕЗЕК ЖОҚ

Облыс орталығында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалы базасынан мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды.

«Бір терезе» принципімен жұмыс істейтін, алдыңғы қатарлы техникамен жабдықталған халыққа қызмет көрсету орталығы бір мезетте елу адамға қызмет көрсете алады. Қажетті құжаттар шамамен бес жұмыс күні ішінде дайындалып, тұтынушыға оның әзір екендігі жөнінде SMS-хабарлама жіберілмек. Орталықта күту залы, кеңес беру, құжаттандыру және тіркеу бөлімі, дайын құжаттарды беру секторы бар. Барлығы 26 қызмет түрі көрсетіледі.

Салтанатты ашылу шарасына облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев пен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директорының орынбасары Ақылбай Сапаров қатысты.

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын жоғары бағалаған облыс әкімінің бірінші орынбасары қазіргі таңда аймақты газдандыру бойынша жасалып жатқан іс-шараларға да тоқталып өтті. Бүгінде Атырау облысы 98 пайыз «көгілдір отынмен» қамтылған. Биыл 13 елді мекенге газ жүргізілмек.

Құралай ҚУАТОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз