Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Көз жетпегенге сөз жетеді

«Атырау» газеті жақында тағы бір жаңа айдардың тұсауын кесті.

«Әкімнің атап айтқаны» айдары облыс басшысы Нұрлан Ноғаевтың санаға қозғау салатын  әңгімелеріне, ойларына арналып отыр.Жаңа айдардың кезекті тақырыбы — адамгершілік,  қоғамдық сана мәселесі.

ÄÒÏ íà Ëþñòäîðôñêîé äîðîãå â Îäåññå 26 ñåíòÿáðÿ 2008 ã.

«Іс-сапарларымның бірінде Қарабатанның тұсында жол жүріп бара жатып, көлік апатына куә болдым. Пошташы қыз бен жүргізуші жігіт оқиға орнында көз жұмды. Апат болған жерге жолай көліктер тоқтап, адамдар кәдімгідей жиналып қалды. Полицейлерде жүр. Бір таңқалғаным, сол оқиға кезінде өтіп бара жатқан «жедел жәрдем» көлігі тоқтамастан өте шықты. Көліктен шығарылып жатқан кезде жүргізуші жігіт шалажансар күйде болатын. Оған сол сәтте медициналық көмек көрсетілсе, бәлкім өмірін сақтап қалар ма едік? «Жедел жәрдем» көлігінің сол қылығына әлі таңмын.                                                                          Мүмкін, ол шақыртумен асығып та бара жатқан болар. Бірақ, осындай қиын сәтте ең алдымен дәрігер көмек көрсетуі тиіс емес пе еді? Одан бұрын адамгершілігіміз қайда?».

340080

«Жақында Германияда ұзақ жыл бойы тұрып келген бір танысыммен кездесіп, сөйлестім. Ол сол елдегі көршісі туралы әңгімелеп берді. Бірде көршісі оған жарықты түнімен көп пайдаланатынын арнайы келіп ескертіпті. Танысым «кешіріңіз, бірақ ақшасын өзім төлеп жатырмын ғой» дегенді сыпайылап қана түсіндірсе керек. Сол кезде көршісі оған «Қателесесіз, бұл бір сіздің ғана мәселеңіз емес. Сіз еліміздің ресурсын пайдаланып отырсыз» деп жауап беріпті. Сананың биіктігі деген осы. Ал, біз осылай ойлай аламыз ба?»…

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button