Кәсіби бокс саңлағы – Атырауда

ANU 7660 768x511 1 Жаңалықтар

Атырауға ат басын тіреген қазақстандық WBA Fedecaribe, WBO Fedelatin, WBO Intercontinental белбеуінің иегері, 22 жекпе-жек өткізіп, 22-де жеңімпаз атанған кәсіпқой боксшы Қанат Ислам С.Қазыбаев атындағы облыстық балалар үйіне барды.

anu_7660

Атақты спортшыны тәрбиеленушілер «Қанат – чемпион» деген ұран жазылған жалаушалармен қарсы алды. Одан әрі нысанның акт залында былғары қолғап шеберімен кездесу ұйымдастырылып, балалар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, жауаптар алды.

«Сіздер – еліміздің болашағысыздар. Сіздердің де алдағы уақытта әртүрлі салада көшбасшы, чемпион болатындарыңызға сенемін»,- деді Қанат Ислам.

anu_7613-768x511

Балалармен еркін пікір алмасқан мейман өз өмірі туралы да әңгімелеп берді.

– Мен де интернатта тәрбиеленіп өстім. Балалық шағымда қиындықтар да кездесті. Бірақ, оның ешбіріне мойынсұнбай, жеңе білдім. Қазір мен төрт баланы тәрбиелеп, өсіріп жатырмын. Балалар үйінен де бүлдіршіндерді өз қамқорлығыма алсам деген жоспарым бар. Өйткені, біздің балалар ешқашан жетімдікті көрмеуі тиіс, – деді ол.

Жиын барысында кәсіпқой боксшы балғындарға сый ретінде теледидар тарту етті. Кездесу соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

anu_7808-768x511

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті – сағат 15:00-де

Балықшы «Мүгедектер спорттық клубы» спортшылармен кездесу – сағат 16.30-де

Облыс спортшылармен бокстан шеберлік сағатын өткізу – сағат 17.30-де өткізіледі.

Өз тілшіміз.

Суреттерді түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз