Жарнама
ЖаңалықтарҚоғамҚұқық

Кәсіби аппарат қалай құрылады?

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған Ұлт жоспары бағдарламасында кәсіби мемлекеттік аппарат құру мәселесіне айрықша маңыз берілген. Бес институционалдық реформа аясында қабылданған заңдардың қатарында  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы да бар.

%d0%ba%d3%99%d1%81%d1%96%d0%b1%d0%b8-%d0%b0%d0%bf%d0%bf%d0%b0%d1%80%d0%b0%d1%82-%d2%9b%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d0%b9-%d2%9b%d2%b1%d1%80%d1%8b%d0%bb%d0%b0%d0%b4%d1%8b

Жаңа заңда мемлекеттік қызметке алғаш қабылданғандар үшін үш сатылы іріктеу жүйесі енгізілді. Міндетті сынақ мерзімі үш айға бекітілді. Жаңалық сол,  сынақ мерзіміне алынған маманның жаңа ортаға бейімделуіне жағдай жасау мақсатында арнайы тәлімгер бекітіледі. Оған жас маманға тәжірибелік көмек көрсету міндеттеледі.

Мақсат – мемлекеттік қызметшіге сынақ мерзімін тағайындай отырып, салаға кәсіби мамандарды тарту. Бұл әдіс мамандарды қабілетіне қарай дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, кәсіби әлеуетті неғұрлым тиімді пайдалану мақсатында мемлекеттік-әкімшілік қызметшілердің ротациясы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметкерлердің тиімді жұмыс істеуі олардың білім деңгейіне де байланысты. Сондықтан,  қайта даярлау және біліктілігін көтеру мәселелеріне де ерекше көңіл бөлінген. Сондай-ақ, мансаптық өсу, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын нәтижеге қарай төлеу мәселесі де жолға қойылды.

Айта кетерлігі, мансаптық жоғарылату конкурстық негізде жүзеге асырылады. Яғни, меритократия қағидасы бойынша, «Б» корпусының төменгі лауазымынан жоғары лауазымға жылжыту іске асырылады. Ол кезде маманның жеке басының үлгісі, қызметтегі жетістігі, яғни, барлық әлеуеті есепке алынады. Кәсіби аппарат қалыптастыру мақсатында мемлекеттік қызметке орналасу  конкурс арқылы ғана жүргізіледі. Конкурстың өзі жалпы және ішкі болып екіге бөлінеді. Ішкі конкурстар мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің арасында өткізіледі.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық еңбекақыларына өңірлік үйлестіру коэффициенттерін қосу мәселесі де қарастырылған. Мысалы, еліміздің табиғи-климаттық жағдайы, тұрғындардың тығыздығы әр жерде әртүрлі. Лауазымдық еңбекақы тағайындағанда, осы жағдайлардың бәрін ескеруді көздеп отыр.

Ал, еңбекақыны нәтиже бойынша төлеуге көшу мемлекеттік қызметкерлер үшін  жеке жылдық жоспарларды орындау, министрлер мен әкімдер үшін мемлекеттік қызмет сапасының арнаулы индикаторлары, өмір сапасы, инвестиция тарту деңгейіне қарай төленетін болады. Мемлекеттік қызметте жаңашылдық енгізу мақсатында шетелдік менеджерлерді, жекеменшік секторлардың мамандарын, халықаралық ұйымдардың қызметкерлерін тарту да қарастырылған.

Экономикамыз дамып, халқымыздың әл-ауқаты артқан сайын мемлекеттік қызметкерлерге деген талап та күшеюде. Себебі, сала өкілдерінің  беделі – мемлекеттің беделі болып табылады.

Абзал ЖАНШАБАЙ,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button