Жаңалықтар

Атыраулық өрт-сөндірушілер Батыс Қазақстан облысына көмекке аттанды

Атыраулық құтқарушылар Батыс Қазақстан облысында елді мекенді су басуына байланысты көмекке аттанды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Кеше облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 49 қызметкері 9 бірлік техника мен 3 үрмелі қайық және 7 мотопомпамен жолға шықты. Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында облыстық Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Тілекқабыл Досмағанбетовтің басшылығымен құтқарушылар көшелердегі суды ПНС-110 автокөлігімен сору жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар, БҚО Қаратөбе ауданында құтқарушылар үрмелі қайықпен каналдың арғы бетінде қалған тұрғындарды эвакуациялап, құм толтырылған қапшықтар төсеп, бөгеттер жасауда.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button