Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Көшеде мас күйінде жүргені үшін қамауға алынды

Атырау облысының Жылыой ауданында көшеде мас күйінде жүрген азамат жауапқа тартылды. Әкімшілік іс аудандық сотта қаралған.

ФОТО - МАС

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды. Іс құжаттарына сәйкес, құқықбұзушы қоғамдық орындарда масаң күйде жүргені үшін бір жылдың ішінде екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Алайда, одан қорытынды шығармай, полицейлерге үшінші рет масаң күйде ұсталған.

Жылыой аудандық соты айыпталушыны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 440-інші бабы, 4-інші бөлігімен кінәлі деп таныды. Нәтижесінде, алкогольді ішімдік ішіп, адамның қадір-қасиеті мен қоғамдық моральға нұқсан келтіргеніне байланысты оны 2 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.

Айқара Ғұмар

Фото pavon.kz сайтынан алынған

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button