
Жаңалықтар
Көше кезген жылқылар айып тұрағына қамалды
Жуырда «Арнайы автобаза» мекемесінің айыппұл тұрағына қала көшелерінде қараусыз жүрген жылқы үйірі қамалды. Өйткені, жылқылар талдарды жеп қана қоймай, көлік қозғалысына бөгет жасады.
– Көшеден көшеге өтіп, жол қатынасына бөгет жасаған 13 жылқы мен үш құлын қамалып, олардың иесі анықталды. Иесі 45 380 теңге көлемінде айыппұл төлеген соң малын әкете алады, — дейді бұл мәселеге орай облыстың ІІД баспасөз қызметі.
Осындай қараусыз жүрген мал иелеріне айыппұл салу көзделуде.