Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Көшеңіз қалай аталады?

Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Әсия Қыстаубаеваның жетекшілігімен өткен облыстық ономастика комиссиясының кезекті мәжілісінде Жылыой, Индер, Махамбет аудандарының кенттері мен ауылдық округтерінде бой көтерген жаңа көшелерге атау беру мәселесі қаралды.

Көшеңіз қалай аталады

Аталмыш елді мекендердегі көшелерге 141 жаңа атау ұсынылды. Сондай-ақ, комиссия қарауына 38 көшенің бұрыннан қалыптасқан атауларын заңдастыруға келісім алу мәселесі қаралды.

Қолданыстағы нормативтік актілерге сәйкес ұсыныстар жергілікті қоғамдастықта талқыланған. Халықтың пікірі ескеріліп тиісті хаттамалары дайындалған материалдарды комиссия мүшелері мұқият саралап шықты. Комиссия мүшелері Жылыой ауданындағы Жаңа Қаратон кентінен ұсынылған бұрынғы нөмірлі 93 көшеге жаңадан берілетін атауларды қызу талқылады. Дегенмен, отырыста комиссия мүшелері Қ.Ризуановтың, С.Қуанышевтың, Б.Әбдешевтің ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, он сегіз көшенің жаңа атауын аудандағы құзырлы мемлекеттік органдарға  қайта қарауға жіберуді қажет деп тапты.

Астана қаласының 20 жылдығына орай «Астана», «Елорда», «Егемен», «Мәңгілік ел» деген жаңа көше атаулары да кездесті. Комиссия қарауына ұсынылған көше атауларының денін тарихи жер-су, дәстүрлі атаулар мен Қазақ еліне танымал тарихи тұлғалар – хандар мен билердің, батырлардың, қаһарман ұл-қыздардың, Алаш арыстарының, ғалымдар мен ақын-жазушылардың есімдері құрайды.

Бақытжан ЖҰМАТ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button