Көршісінің үйіне мас күйінде келіп, оны боқтап-балағаттаған
Атырау облысының Қызылқоға ауданында көршілер медиация көмегімен татуласты. Миялы селосының тұрғыны Ж.-ға қатысты жекеше айыптау қылмыстық ісі аудандық сотта қаралған.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, азамат Ж. мас күйінде көршісі Т.-ның үйіне келіп, оны себепсіз абыройына тиетін сөздермен боқтап-балағаттаған.
Сот отырысында сотталушы Ж. жәбірленуші Т.-дан кешірім сұрап, жеке айыптаушымен медиациялық келісімге келулеріне байланысты өзіне қатысты істі тоқтатуды сұрады.
Тараптармен сотқа кәсіби емес медиатордың қатысуымен жасақталған медиациялық келісім ұсынылды.
Сот қаулысымен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 131-бабының 1-бөлігімен Ж.-ға қатысты қылмыстық іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуларына байланысты тоқтатылды.
Айқара Ғұмар
Фото скс.kz сайтынан алынған