K rsetilgen audanda yi tekseru 1

«Көрсетілген аудандағы» тексеру

Аудан хабарлары Жаңалықтар

Көпұлтты инспекциялық топ еліміздің еуропалық бөлігіндегі Атырау және Батыс Қазақстан облыстарындағы «көрсетілген ауданда» тексеру жүргізеді. Бұл Еуропадағы Қарулы Күштер туралы шартқа сәйкес жүзеге асады. Делегацияның құрамында Польша, Германия, Италия, Канада, Франция мен АҚШ-тың әскери қызметшілері бар. Әскерилердің Атырауға сапары облыстың тыныс-тіршілігімен танысудан басталды.  

????????????????????????????????????

Мұнайлы Атырау – мемлекет қазынасына сүбелі үлес қосып отырған облыстың бірі. Атыраудың республиканың жалпы ішкі өнімі көлеміндегі үлесі – 14 пайыз. Жер аумағы 118 мың шаршы  шақырымды құрайды.

– Мұнайлы мекенде алпауыт шетелдік компаниялар да жұмыс жасайды, – деді делегация мүшелерімен кездесуде жұмылдыру даярлығы, азаматтық қорғау басқармасының басшысы Ғибрат Сүлейменов.

Инспекциялық топ Еуропадағы Қарулы Күштер туралы шартпен шектелетін қару-жарақ, әскери техниканың болу, болмауын тексереді. Осы мақсатта жерүсті немесе әуе көліктері пайдаланылады. Инспекцияланатын «көрсетілген ауданның» көлемі 65 шаршы шақырымды құрайды.

Көпұлтты инспекциялық топтың басшысы Чудески Камиль Атырауға бірінші рет келіпті. Ол халықаралық міндеттемеге  сәйкес, бірлескен жұмысты өткізуге қолдау білдірген Қазақ елінің әскерилеріне, облыстар басшылығына ризашылығын білдірді. Ал, Ұлттық ұланға қарасты 5546 әскери бөлімнің командирі Мақсат Баймағұлов құрылымның қазіргі қызметі туралы айтып берді.

Азамат САНСЫЗБАЙҰЛЫ

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған