Жарнама
Жаңалықтар

ҚҰРМЕТТІ АТЫРАУЛЫҚТАР!

 Сіздерді 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнімен  құттықтаймын!

1991 жылғы 1 желтоқсанда алғаш­қы бүкілхалықтық Президент сайлауында Қазақстанның көпұлтты халқы өзінің тұңғыш Президенті етіп Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баев­ты сайлады.

Дәуірлер ал­масар тұста Қазақстан халқы бүгіні мен болашағын парасатты перзентіне сеніп тапсырды.

Елбасы – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев төрткүл дүниенің мемлекеттерімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, тұралаған экономиканы тығырықтан шығаратын, қоғамдық келісімді қалыптастыратын қазақстандық жаңа жол іздеді.

Әлемдегі ең үлкен ядролық сынақ полигонын жауып, тәуелсіз елдің шежіресін бейбітшілік үндеуінен бастады.

Үш мың жылдық қарсаңында астананы  Алматыдан Ақмолаға көшіру әлемнің саяси тарихындағы теңдессіз шешім әрі батыл қадам деп бағаланды.

Қазақ елі әлемде болып жатқан түрлі қақтығыстар мен дағдарыстарды бақылап қана қоймай, мәселенің тараптарға тиімді шешілуі үшін дәнекер болатын ықпалды мемлекетке айналды.

Бүгінгі күннің биігінен қарасақ, бұрынғы Кеңес өкіметі елдерінің соңғы ширек ғасырлық тарихын Нұрсұлтан Әбішұлынсыз елестету мүмкін емес. 

КСРО құлаған соң құрдымға кетеді деп болжанған кеңістікті тұрақтандыруда да Елбасының рөлі орасан зор.

Санкциялық соғыстар іргемізден желдей есіп тұрған шақта, мұнай бағасы төмендеп, әлемдік дағдарыс көптеген елдердің өзін тұсаулап тұрған тұста Қазақстан жаңа экономикалық форматпен даму белесіне қадам басты.

Қазақстан халқына «Нұрлы Жол –  болашаққа бастар жол» атты Жолдауын жариялады.

Ел мен елді жалғастыратын күретамырларға қан жүгіртсек, дархан даланың жаңа тынысы ашылары сөзсіз.

Түсінген адамға мемлекет болу – халқымыздың басындағы бағы. Мемлекетті ұстап қалу – халқымыздың қолындағы сыны.

Осынау сындарлы жылдардан сүріндірмей алып келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  еліміздің бүгінін мәңгілік ертеңіне ұластырар асқақ арманы мен нақты мақсаты жүзеге асуда.

Тұңғыш Президент күні құтты болсын, ағайын!

Құрметпен,

Атырау облысының әкімі

Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button