
Аз қамтылған отбасылардың балаларына 23 жасқа дейін жәрдемақы төленеді
Atr.kz/28-ақпан, 2019 жыл. Аз қамтылған отбасылардың балаларына 23 жасқа дейін жәрдемақы төленеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты.

«Сонымен қатар аз қамтылған отбасының балаларына берілетін жәрдемақы да өзгереді. Егер ол 1 шілдеге дейін 4 834 теңге болса, 1 шілдеден бастап 20 789 теңгеге жетеді. Ол 18 жасқа дейін төленеді. Егер ол балалар оқитын болса, онда 23 жасқа дейін төленеді. Оған қосымша ата-анасына табыстары күнкөріс айырмашылығын есептегенде күнкөріс деңгейінен төмен болса онда да оларға қосымша жәрдемақы төленеді», — деді ол.
Министр әлеуметтік көмекті тағайындаған кезде халыққа ыңғайлы болуы және адамдарды бекерден-бекер сандалтпау үшін талап етілетін құжаттар саны азаятындығын айтты. «Енді осының барлығы қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан «Е-халық» жүйесімен жүзеге асырылады. Егер кейбір мәіліметтер жоқ болатын болса да ата-ананың келуінің керегі жоқ. Жергілікті жерлердегі жұмыспен қамту орталықтары, әкімшіліктер тиісті мемлекеттік органдарға сұрау жасап, өздеріне тиісті мәліметтерді алатын болады», — деді Б.Сапарбаев.
Дереккөз: «ҚазАқпарат»