Жарнама
Жаңалықтар

Күн тәртібінен түспейтін мәселе

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес Төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов баспасөз конференциясын өткізді.

getty_118292466_970629970450031_50555

Шарада сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жобаларды іске асыру барысының оң динамикасы байқалғаны айтылды. Қазіргі таңда департамент бұл жұмыстарды жаңа форматта жүргізу кезеңін бастады. Яғни, түсіндіру шараларымен қоса, әр саланы қамтитын жобаларды іске асыру арқылы алдын алу жұмыстарын одан әрі дамыту.

Жобаның бірі – инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу. Оның аясында кәсіпкерлер тарапынан мемлекеттік органдардың іс-әрекетіне қатысты 12 өтініш түсті. Мәселен, «Теплый дом Атырау» ЖШС облыстық мемлекеттік кірістер департаменті лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне шағымданған. Нәтижесінде серіктестікке жүргізілген қылмыстық тергеу жұмыстары тоқтатылып, кәсіпкердің құқығы толықтай қорғалды.
Ал, «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы бойынша департаментке 94 хабарлама келіп түскен. Оны қарау барысында 60 пайызы өз дәлелін тауып, тиісті шаралар алынған. Сарықамыс ықшамауданындағы балабақшаның ата-аналарынан ас мәзіріне қатысты арыз түскен. Тексеру барысында айтылған факт өз дәлелін тауып, балабақша басшысына функционалдық міндеттеріне салғырт қарағаны үшін тәртіптік жауапкершілік шарасы қолданылды.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button