ЖаңалықтарҚоғамҚұқық
Көлікті мас күйінде жүргізген әйел 15 тәулікке қамалды
Атырауда көлікті мас күйінде жүргізген әйел 15 тәулікке қамалды.
Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, құқық бұзушы әйел бұған дейін осы тектес әрекеті үшін жауапкершілікке тартылыпты. Алайда бір жыл болмай жатып, қайталап құқық бұзып отыр. Дәлірек айтсақ, 7 қаңтар күні, сағат түнгі 04:30 шамасында «Kia Rio» автокөлігін Атырау қаласы, Молдағұлова көшесіндегі қалалық полиция басқармасының алдында масаң күйінде басқарған. Сот қаулысымен айыпталушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 608-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп табылды. Сөйтіп оған 15 тәулікке қамауға алу және 6 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру әкімшілік жазасы тағайындалды.