Жаңалықтар
Көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады
Атырауда көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған көшенің автокөлік жолына жаңғырту жұмыстары жүргізілуіне байланысты, 26 шілде мен 10 тамыз аралығында Владимирский көшесінен Ғұмаров көшесінің қиылысына дейінгі көлік қозғалысы тоқтатылады.
Ал, №4 және №10 қоғамдық көліктер Құрманғазы көшесі арқылы жүреді.
Жол көлігі қауіпсіздігі жұмыстарына түсіністікпен қарауларыңыз сұралады.