ҰЙЫМДАР БАР, БАСТАМАЛАР АЗ
Келесі кезекте кеңестің күн тәртібіне сай, «Әлеуметтік дамуға азаматтық қоғамның қатысуы туралы» «Атырау облысының Азаматтық альянсы» ЗТБ атқарушы директоры Д.Қожасова баяндады. «Махамбет аудандық әкімдігінің үкіметтік емес ұйымдарды қолдау жөніндегі жұмыстары туралы» хабарлама жасаған аудан әкімі Ә.Нәутиев сегіз мыңнан астам жастың есебі алынып, әлеуметтік зерттеу жүргізіліп жатқандығына тоқталды.
-Облыс әкімі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынас жасау жөніндегі кеңестің көшпелі отырысын Махамбет ауданында өткізгендегі мақсат – бүгінгі талқыланып отырған тақырыпқа тереңдеп, осы бағыттағы жұмысқа қозғау салу,-деді қаралған мәселелер бойынша ойын жинақтаған Шыңғыс Жұмабекұлы. -Қоғам ешқашан проблемасыз болмаған. Қазіргідей экономикалық дағдарыс кезінде әлжуаз топтардың әлеуметтік жағдайларын зерделеу алдағы атқарылар жұмысымыздың негізгі нысанасы болуы тиіс. Сондықтан, облыстық ішкі саясат басқармасына жуық арада ҮЕҰ-дармен тақырыптық семинарлар ұйымдастыруды тапсырамын. Бұл бағыттағы жұмыстарды заңнамалық негізде жүйелі жүргізу, ұлттық қолөнерді дамытуға басымдық беру, шетелдік әріптестер тәжірибесін үйрену–семинардың негізгі әңгіме арқауына айналуы тиіс.
Нұрым ЕРҒАЛИЕВ, Махамбет ауданы.