Әйелдер мерекесі қай елде қалай тойланады? (+ФОТО)
Atr.kz/6-наурыз, 2019 жыл. 8 наурыз – әйелдер қауымы үшін ерекше күн.
Бұл мерекеде күллі әлем рухани даналығы, сұлулығы мен нәзіктігі үйлесім тапқан әйелдерге ерекше көңіл аударады. Жасын, мәртебесін ескермей-ақ әйел заты ретінде құрметтейді.
Халықаралық әйелдер күнінің тарихы
1910 жылы Копенгагенде жұмысшы әйелдердің II Халықаралық конференциясы өтті. Германияның социал-демократиялық партиясы әйелдер тобының жетекшісі Клара Цеткин Халықаралық әйелдер күнін жыл сайын белгілі бір арнаулы күнде атап өту идеясын ұсынды.
Жалпы мерекенің мақсаты- әйелдер қауымының құқықтарын қорғау болатын. Бір қызығы, Халықаралық әйелдер күні — 8 наурызды өткізу идеясы 20 ғасырдың басында, демографиялық бум және радикалды идеологиялар бастау алған кезде пайда болды.
Дегенмен, 1857 жылғы 8 наурызда Нью-Йорктың тоқыма қызметкерлерінің наразылық шарасы әлем тарихында алғаш рет Халықаралық әйелдер күнін тойлаудың алғышарттарының бірі деп саналады.
1975 жылы кеңес идеологтарының ықпалымен БҰҰ шешімі бойынша «Халықаралық әйелдер күні» ресми түрде жарияланды.
Қытай
8- наурыз аспан асты елінде тыныш әрі қарапайым күйде тойланады. Сондай-ақ арнайы раушан гүлдері мен қызғалдақтар да сыйға тартылмайды. Бұл күні көшелерден гүл шоқтарын іздеп бәйек болған шетелдіктерді ғана кездестіре аласыз.
Италия
Италияда 8 наурыз ерекше тойланады. Алайда, нәзік жандылардың тең жартысы мерекені ер адамдарсыз, өз орталарында мейрамханалар мен кафеде тойлайды. Бұл күн — күнделікті күйбең тіршіліктен үзіліс алудың керемет мүмкіндігі. Римде әйелдер ерлердің стриптиз биін тамашалай алады. Бірақ наурыздың 8-і Италияда жұмыс күні деп бекітілген.
Франция
Бұл мереке мұнда айтарлықтай кеңінен танымал емес. БАҚ мерекенің бар екенін айтқан күнде де, оны тек коммунистер ғана тойлайды.Француз әйелдері өздерін ханшайым ретінде сәл кейінірек мамыр айындағы Аналар күнінде сезінеді. Дегенмен, Аналар күнінің бойжеткендерге ешқандай қатысы жоқ. Оларды Валентин күні ғана құттықтайды.
Болгария
Болгар халқында 8 наурыз мерекесін тойлау әлі де дәстүрге айнала қойған жоқ. Бұл қалыпты жұмыс күні деп есептелінеді.Соңғы жылдары болгар әйелдері 8 наурыз мерекесіне қызығушылықтарын мүлдем жоғалтты. Басқалары оны социалистік дәуірдің атрибуты ретінде қабылдай бастады.
Германия
Германияда да аталмыш мерекенің басқа күндерден айырмашылығы жоқ. Күнтізбеде де демалыс күні ретінде белгіленбеген. Мұндағы мереке өткен социалистік дәуірдің естеліктері ретінде ғана белгілі.
Бұған дейін немістер өз әйелдерін Шығыс Германияда құттықтап, Батыста ешқандай мереке туралы сөз етілмеген. Елді біріктіргеннен кейін де 8- наурыз мерекесі ұмытылмаса да, кеңінен атап өтілмеді. Неміс басылымдары әйелдер мерекесі туралы жариялаған күннің өзінде атаулы мереке қабылданбады. Германияда әйелдер қауымын мамыр айында Аналар мерекесімен ғана құттықтайды.
Белоруссия
Белоруссияда (жергілікті тұрғындар айтқандай), 8-наурыз мерекесі кешкі сағат жетіден басталады. Ер адамдар мерекені арнайы кешкі қала көшелерінде тойлайды. Үйге әдемі гүлдер әкеліп жұбайлары мен қыздарын қуантады.
Түрікменстан
8-наурыз елорда тұрғындары үшін елеулі мереке. Түрікмен әйелдері мереке қарсаңында 2017 жылдан бастап мемлекет тарапынан 11$ көлемінде сыйақы алады. Сыйақыға меншік нысанына қарамастан Түрікменстанның кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында жұмыс істейтін барлық әйелдер қабылданады.
Бұдан басқа, 8 наурызға дейін Түрікменстанда президенттік сыйлықтар магистратура, докторантура, клиникалық ординатура, мемлекеттік қызмет академиясының студенттері, студенттер, оқушылар мен балабақша бүлдіршіндері. зейнетақы және мемлекеттік жәрдемақы алатын әйелдер де ала алады.
Куба
8 наурыз мерекесінің кубалықтар үшін маңызы зор. Бұл мереке жай күн емес. Бұл күні сіз қаласаңыз жұмысқа бармасаңызда болады. Бұл күн Кубада революция мен еркіндіктің мағынасын ерекше сездіретін күн.
Япония
Жапонияда әйелдердің наурыз айында екі бірдей мерекесі бар. Біріншісі — 3 наурызда аталатын Хина Мацури, екіншісі — қыздар мен шабдалы гүлінің мерекесі. Сонымен қатар наурыздың 14-і — әйелдер күні және ол «Ақ күнін» білдіреді. Екі бірдей мерекені тойлайтын жапон халқының сұлулары көктем мезгілін тағатсыз күтеді.
Әнел ҚАЙЫРЛЫ,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті журналистика мамандығының студенті.