ІЗГІЛІККЕ ҮНДЕГЕН…
Православтық атыраулықтарды құттықтау сөзінде шаһар басшысы Нұрлыбек Жұмахметұлы Пасха мерекесі мыңдаған жылдар бойы ізгілік пен жақсылыққа, игі істерге жасауға шақыратынын жеткізді.
— Еліміздегі сан түрлі ұлт өкілдерінің бірлік пен татулықта өмір сүруі — мемлекетіміздің басты құндылығы болып табылады. Сол бейбітшіліктің арқасында берекеміз артып, әлеуметтік ахуалымыз жақсарып келеді. Сондықтан, жиналған жұртшылықты қасиетті мерекемен құттықтап, мықты денсаулық тілеймін, — деді қала әкімі Н.Ожаев.
Кейін Успен соборының аға попы, протоиерей Михаил Степанов та құттықтап, Пасха мерекесі жеті күн бойы тойланатынын айтты. Сонымен қатар, шіркеу хорының орындауында тамаша әндер айтылды.
Әлемнің 150-ге жуық елінде тойланатын бұл діни мереке еліміздің барлық аумағында аталып өтіп келеді. Соның ішінде біздің облысымызда да жыл сайын лайықты дәрежеде тойлануда.
Айгүл ЕРТІЛЕУ.