Актер Асқар Наймантаев дүниеден өтті

img 2655 Жаңалықтар

Бүгін белгілі актер, режиссер, сатирик,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асқар Наймантаев дүниеден озды, деп хабарлайды atr.kz

Асқар Әбдіғалымұлы 1965 жылдың 17 маусымында  Алматы облысы, Райымбек ауданында  өмірге келген.  Ұзақ жыл «Терісқақпай» әзіл-сықақ театрының жетекшісі болды. Халық театрын жаңғыртып Алматы облысының  Райымбек, Ұйғыр аудандарында  «Хантәңірі», «Қарадала»  театрларын ашып,  төл мәдениетімізге орасан үлесін қосты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз