Іздеймін, әже, өзіңді…
Қазақстан – біздің атамекеніміз. Осынау бір-ақ ауыз сөзде қаншама құдірет пен қасиет бар! Ол менің кішкене жүрегімнен ерекше орын алады. Ата-бабамыздың арман-тілегі орындалып, еліміз өз тәуелсіздігін алды. Біз – бақыттымыз.
Біздің тәуелсіз елімізде қаншама білімді ұл-қыз өсіп келеді. Мен осындай елде тұратыныма, әсіресе, қазақ болып туылғаныма мақтанамын. Еліміздің даңқы артып, бейбітшілік мәңгілік болса деймін. Әр адам туған елі мен жерінің, сүйікті Отанының өркендеуіне титтей де болса өз үлесін қосады. Сол секілді менің үлесім – сапалы білім мен саналы тәрбие. Соған қоса туған жерімді шын сүюім мен оны қадір тұтуым.
Мен бүгінде Атырау қаласындағы №30 мектеп-гимназияның 2 «а» сыныбында оқимын. Сынып жетекшім Нұргүл Макорова: «Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ, сондықтан сабақты «төрт» пен «беске» оқыңдар,» — дейді. Өз басым ой-өрісімді дамыту үшін өздігімнен ізденемін, мерзімдік басылымдар, журналдар жаздырып алып оқимын. Маған туған жерім Атырау қалай ыстық болса, облыстық «Атырау» газеті одан бетер ыстық. Себебі, менің асыл әжем Елена Таңбаева осы газетте ұзақ жыл еңбек етті. Оның өзі болмаса да, көзіндей көретін газетімді әркез көкірегіме қысамын. Әжеме деген жүрек түкпіріндегі сағыныш ешқашан басылмақ емес. Мен сені әлі іздеймін, әже…
Зерделім БЕКБОЛ,
№30 мектеп-гимназияның оқушысы,
Атырау қаласы.