Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда іздестіру-құтқару жұмыстары бойынша жаттығу өтті

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Жедел-құтқару жасағының кинология бөлімінің қызметкерлері табиғи ортада “шартты” түрде зардап шегушіні іздеу үшін іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді.

Кинологтар өздерінің үйретілген итімен бірге МИ-8 тікұшағынан кермелі арқанмен (лебедка) төмен түсіп, қойылған тапсырманы өте жақсы орындады. Бұл оқу-жаттығу Махамбет ауылының маңында өтті. Жаттығу барысында 4 ит өңдеуші іздеу иттерімен бірге 10 метр биіктіктен кермелі арқан (лебедка) арқылы төмен түсіп, «құрбандарды» іздей бастады. Көп ұзамай қызметтік ит алғашқы шартты “жәбірленушіні” тапты. Қызметтік құтқарушы иттің үргенін естіген кинолог, зардап шегушіні анықтау уақыты мен орнын белгіледі. Тікұшақпен әуеге көтерілмес бұрын барлық қатысушылар нұсқаулықтан өтіп, түсуге арналған барлық керек-жарақтың жарамдылығын, сақтандыру жүйелерінің, карабиндердің және жалпы барлық керек-жарақтың бекітілуінің сенімділігін тексерді.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар департаменті «КазАвиақұтқару» АҚ батыс өңірлік филиалының тікұшақтары өртті сөндіруде және адамдарды ауылдық жерлерден ауруханаларға тасымалдауда да қолданылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button