Жарнама
Жаңалықтар

IV «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

 «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауы (бұдан әрі — Байқау) халықтың азаматтық бастамаларын жандандыруға және мейірімділік, қамқорлық пен гуманизм сияқты адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған.

Байқау жыл сайын өткізіледі және номинациялар бойынша лауреат атағын алған Байқау қатысушыларына статуэткалар мен диплом ұсынуды көздейді.

1. БАЙҚАУ МАҚСАТЫ

Қайырымдылық пен белсенді азаматтық бастаманы танымал ету.

2. БАЙҚАУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ

1. Қазақстандағы қайырымдылықтың дамуын ынталандыру.

2. Өзара көмек көрсетудің ұлттық дәстүрлерінің жаңғыруына ықпал ету.

3. Қоғамдық санада заманауи қайырымдылық жасаушы идеалын қалыптастыру

4. Халықтың қайырымдылық қызметі туралы қоғамның хабардар болуын арттыру.

5. Өскелең ұрпақты қазақстандықтардың ең жақсы қасиеттерін бейнелейтін мінез-құлық нормалары мен қағидаттарына тәрбиелеу.

3. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР

1. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры;

2. Қазақстанның Іскер Әйелдер Қауымдастығы;

3. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығы «Оқжетпес» ЕСК» АҚ;

4. «Хабар» Агенттігі»;

5. «КТК» Республикалық телеарнасы.

4. ҚАТЫСУШЫЛАР

Байқауға белсенді азаматтық ұстанымы, қайырымды істерімен және әрекеттерімен әлеуметтік және қоғамдық мәселелерді шешуге үлес қосатын жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.

Байқауға қатысу үшін тапсырыс жеке немесе заңды тұлғаның атынан ұсыну арқылы жүргізілуі мүмкін.

Байқауға қатысушылар жеке мәліметтері мен қызметі туралы ақпаратты конкурс Ұйымдастырушыларына байқауды Ұйымдастырушылардың қалауы бойынша өткізу және жариялау шеңберінде пайдалануға келісім мен құқығын береді.

Байқауға орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ қайырымдылық қызметі мемлекеттік қолдаумен байланысты (мемлекеттік грант, мемлекеттік тапсырыс және басқалар) жеке және заңды тұлғалар қатыса алмайды.

5. АТҚАРУШЫ КОМИТЕТ

Байқауды ұйымдастырушылар конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Атқарушы комитет құрады, оның құрамы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының,

Қазақстанның Іскер Әйелдер Қауымдастығының, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының, «Хабар» Агенттігінің және «КТК» телеарнасының өкілдерінен тұрады. Атқарушы комитет қатысушылардың өтінімдерін қабылдайды және қарайды, қайырымдылық қызметін растайтын құжаттардың дұрыстығын тексереді және құжаттарды Комиссияның қарауына ұсынады.

6. КОМИССИЯ

Комиссия көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлерінен, меценаттардан, ғылым, мәдениет және БАҚ өкілдерінен құрылады.

7. ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

Байқауды өткізу туралы хабарландыру «Хабар», «КТК» телеарналарының эфирінде және ұйымдастырушылардың корпоративтік әлеуметтік желілерінде орналастырылады.

Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының өңірлердегі өкілдері облыстар мен Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы әкімдіктермен келісе отырып, қатысушыларды іздеу және материалдар жинау үшін жұмыс топтарын құрады.

Әр номинация бойынша 7 (жеті) қатысушыдан аспайтын қатысушыларға арналған материалдарды жұмыс топтары Атқару комитетіне жібереді.

Атқару комитетіне ұсынылған материалдарға қосымша тексеру жүргізеді және қажет болған жағдайда қосымша ақпарат сұралады. Атқару комитеті іріктеуінен кейін материалдар комиссия қарауына жіберіледі.

Комиссия Байқау жеңімпаздарын дауыс беру арқылы анықтайды. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Түркістан қаласында кемінде 500 қонаққа арналған салтанатты жағдайда өтеді.

Байқау жеңімпаздарының есімдері республикалық және жергілікті электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының жаңалықтар бағдарламалары эфирінде жарияланады.

Байқауға өткен жылдың жеңімпаздары мен ұйымдастырушылардың өкілдері, сондай-ақ ұйымдастырушылардың ведомстволық бағынышты ұйымдары мен аумақтық бөлімшелерінде жұмыс істейтін тұлғалар қатыса алмайды.

8. НОМИНАЦИЯЛАР

Байқау лауреаттары келесі номинациялар бойынша анықталады:

1. «Асар» номинациясы халықтың салт-дәстүрімен байланысты қайырымдылық қызмет көрсететін тұлғаға беріледі.

2. «Туған жер» номинациясы білім беру, экология, көркейту, мәдени объектілерді қалпына келтіру салаларында туған өлкеге көмек көрсететін тұлғаларға беріледі.

3. «Батыл жүрек» номинациясы ерлік пен батылдық көрсеткен номинация лауреатына беріледі. Бұл номинацияда жеңімпаздың қосымша

атауы төтенше жағдайлар қызметкерлерінің арасында белгіленуі мүмкін (төтенше жағдайлар, ІІМ, жедел жәрдем және басқалар).

4. «Мейірім жолында» номинациясы белгілі бір уақыт аралығында тұрақты ақысыз көмек көрсеткен лауреатқа беріледі

5. «Қайырымдылық тарихы» номинациясы БАҚ-та қайырымдылық тақырыбын ең жақсы қозғағаны, қоғамның назарын әлеуметтік мәселелерге аудартатын материалдардың жариялануы үшін журналистке және шығармашылық ұжымға беріледі.

6. «Бала жүрегі» номинациясы төтенше жағдайларда адамдарды құтқарудағы ерлігі мен батылдығы үшін, қайырымдылық шараларына және еріктілер қозғалысына қатысқан 6 мен 18 жас аралығындағы лауреатқа беріледі.

7. «Жануарға мейірім» номинациясы жануарлар құқықорғаушысы болып табылатын, оларды қамтитын, сонымен қатар жануарлар әлеміне қайырымдылық пен мейірімділікті насихаттайтын лауреатқа беріледі.

9. ІРІКТЕУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

1. Қазақстан аумағында қайырымдылық және әлеуметтік қызметті ерікті түрде жүзеге асыру.

2. Көрсетілген көмек пен шешілетін мәселенің өзектілігі.

3. Қамту ауқымы.

4. Мәселелерді шешудің жеделдігі мен қарапайымдылығы.

5. Нақты нәтижеге қол жеткізу.

10. ҚАТЫСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

1. Қатысушы туралы ұсыныс-хатты жеке немесе заңды тұлға толтырады.

2. Қатысушының өмірбаяны немесе қайырымдылық қызметі туралы қысқаша ақпарат.

3. Қатысушының фотосуреті немесе логотипі (JPEG пішімі).

11. КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ МЕН ОРНЫ

Мерзімі:

1. Қатысушыларды іздеу және материалдарды жинау (жұмыс тобы) – 2021 жылдың 1 қыркүйегінен 30 қарашасына дейін.

2. Қатысушыларды іріктеу (Атқарушы комитет) – 2021 жылдың 1 желтоқсанымен 31 желтоқсан аралығында.

3. Комиссия отырысы. Жеңімпаздарды анықтау (комиссия) – 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін.

4. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі – 2022 жылдың 26 ақпаны.

Өткізу орны:

1. Қатысушыларды іздеу және материалдарды жинау – облыстық әкімдіктер мен Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының әкімдіктерінде (келісім бойынша).

2. Қатысушыларды іріктеу (Атқарушы комитет) – Нұрсұлтан Назарбаев Қорында, Нұр-Сұлтан қаласы.

3. Комиссия отырысы – Нұрсұлтан Назарбаев Қорында, Нұр-Сұлтан қаласы.

4. Лауреаттарды салтанатты марапаттау рәсімі – Түркістан қаласы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button