Биылғы шілде айынан зейнетақы мөлшері өседі

Жаңалықтар

Зейнетақы мөлшері 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 9%-ға арттырылған болса,   2017 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы төлемдері   2017  жылдың деңгейіне сәйкес 20%-ға жеткізіледі, яғни,11%-ға арттырылады.

pogudx7d8j7gg2s0l.967fcd46

Базалық зейнетақы  төлемі  2017 жылғы 1 қаңтардан  7%-ға  арттырылып, 12802 теңгені құраған болса,  2017 жылдың 1 шілдесінен 13%-ға арттырылып, 14466 теңге болып өзгереді.

2017 жылдың 1 қаңтарынан зейнетақы мөлшерін есептеу үшін алынатын табыстың ең көп мөлшері 93029 теңге болса (немесе 41 айлық есептік көрсеткіш – 41 х 2269 теңге), ал, 2017 жылдың 1 шілдесінен зейнетақы мөлшерін есептеу үшін алынатын табыстың ең көп мөлшері 104374 теңгені (немесе 46 айлық есептік көрсеткіш, 46 х 2269 теңге) құрайды.

2017 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі зейнетақы мөлшері 28148 теңге болса, 2017 жылдың 1 шілдесінен тағайындалатын ең төменгі зейнетақы мөлшері 31245 теңгені құрайтын болады. Бұл зейнетақы мөлшері 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі  еңбек өтілі ер адамдар үшін – 25 жыл, ал, әйелдер үшін  20 жыл болған жағдайда тағайындалады.

2017 жылдың 1 қаңтарынан  бірінші, екінші және үшінші баланың тууына байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 71270 теңге болса,  2017 жылдың 1 шілдесінен  85524 теңгеге өсіріледі.

ал, төртінші және одан кейінгі баланың тууына байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 118783 теңгеден 142540  теңгеге дейін арттырылады.

Құрманай Қалиева,

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Атырау облысы бойынша   департаменті зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің  басшысы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз