«Іскер Ана» жобасының жеңімпаздары анықталды

783f5d69 64c2 4f2c ad3d 00184b482807 Жаңалықтар

Көпбалалы, жалғызбасты, ерекше бала тәрбиелеп отырған аналарға арналған «Іскер ана» жобасының жеңімпаздары анықталды.

Бекітілген жоспарға сай, барлық қатысушылар 3 бөлімнен өтті. Алғашқы кезеңде психологиялық тренингке қатысып, әлеуметтік желілердегі заманауи танымдылық және  кәсіби дағдыларын дамытты. Бұл  бағытта жобаға қатысуға ниет білдірген 100 адам 3 күн бойы арнайы шақырылған  білікті  мамандардан  дәріс  алып, тренинг соңында  сертификаттарға ие болды.  

Ал, екінші кезеңде қатысушылар «Ғасыр» оқу орталығында  7 мамандық бойынша білім алды. 

Тігінші, аспаз, бет әрлеуші, маникюр, массажист, шаштараз, есепші  мамандықтары  бойынша қысқа  курстардан өткен аналар жаңа  мамандықтар игерді. Оқу  барысында жоба  қатысушылары  барлық керекті материалды-техникалық  құралдармен толық қамтамасыз етілгенін де айта кеткен жөн болар. 

Әрбір  курс  оқу  бағдарламасына сай  2-3 апта  жүргізіліп, аяқтағандарға сертификаттар табысталды.

791d2338 c830 4aa0 8755 df9c97eddea5
ea2b9a8e a3e3 41ea 907b 10841b83fe6c


e84c01da a384 46b8 9f3d 83a4306056e0

Жобаның үшінші кезеңінің шарттарына сай, оқуын аяқтағандар арнайы  сауалнама  толтыртып, грант алу мүмкіндігіне ие болды. 

Биылғы  жобаның талабына сай 100 қатысушы ішінен 10 адамға тауарлы грант беріліп, өз ісін алға қарай жалғастыруға мүмкіндік алды.

«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, азаматтық хал актілерін  тіркеу» мемлекеттік мекемесінің калалық бөлімнің ұйымдастырған әлеуметтік жобасын жүзеге асыру мақсатында 7 потенциалды  қатысушылар  ішінен  «Шаңырақ-2008» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз танылған болатын.

 Г. Әмірова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз