Ішінде 10 бала бар: Ауғанстаннан елге 42 адам эвакуацияланды
Қазақстан Ауғанстаннан 42 адамды эвакуациялады.
Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім болды.
« ҚР Әскери әуе күштерінің С-295 әскери-көлік ұшағы Ауғанстаннан эвакуацияланған 42 жолаушымен Алматыға сәтті қонды. Қазақстанға 25 Қазақстан азаматы, оның ішінде 15 ересек адам және 10 бала, сондай-ақ ҚР Елшілігінің қызметкерлері келді», — делінген министрлік мәліметінде.
Одан басқа, осы бортпен Қырғызстан тарапының өтініші бойынша бұл елдің 14 азаматы эвакуацияланды.
Гуманитарлық операция ретінде осы ұшақпен ҚР Елшілігіне көмек сұрап жүгінген 1 Ресей азаматы мен 1 Литва азаматы АИР-дан шығарылды. «Қазақстан Республикасы әрдайым шетелдегі өз азаматтарының мүдделері мен құқықтарын қорғайды», — деп аталып өткен хабарламада.
Дереккөз: ktk.kz