Исатай, Жанбай, Зинеден ауылдарына коменданттық сағат тәртібі енгізілген жоқ
Атырау облысы, Исатай ауданына қарасты Исатай, Жанбай, Зинеден ауылдарына коменданттық сағат тәртібі енгізілген жоқ. Бұл туралы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Аталған ауылдарға коменданттық сағаттың қабылданғаны туралы әлеуметтік желілерде видео таралған еді. Алайда, бұл ақпараттың жалған екенін құқық қорғау органдары растап отыр.
Облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, 5 қаңтар күні, сағат 12:00 – 19:00 аралығында, 6 қаңтар күні, сағат 10:00 – 16:00 аралығында Исатай, Жанбай, Зинеден ауылдарына және Каспий теңізінің жағалауына профилактикалық іс-шара өткізілген.
Тексеріс кезінде 23 әкімшілік хаттама толтырылып, мемлекеттік нөмірі және құжаттары жоқ 3 мотокөлік айып тұрағына қойылған.
Айдос Қарабала
Фото azh.kz сайтынан алынған