Исатай-Махамбет алаңын қайта жөндеу жұмыстары басталды
Атырауда Исатай-Махамбет алаңын қайта жөндеу жұмыстары басталды. Жөндеу жұмыстары 2019 жылы аяқталады деп жоспарлануда, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бүгінгі күнде алаң толық қоршалып, жұмысшылар ескі жабдықтарды алуда.
— Махамбет пен Исатай ескерткіші қайта жаңартылатын болады. Сонымен қатар, алты бассейн және субұрқақ орнатылады. Мраморлық домбыра түріндегі архитектуралық композиция орнатылып, алтын түстес әшекейлермен безендіріледі. Алаң жөндеуден кейін қаланың әдемі жерлерінің бірі болмақ, — дейді Атырау облыстық құрылыс басқармасының жобалау-сметалық құжаттамасы бөлімінің басшысы Ақтілек Мұсағалиев.
Айта кетейік, келесі жылы орталық алаң жарқын әрі жасыл болып, облыстағы көп гүлдер мен жасыл шөпті көгалдар болады. Аумағында екі ауқымды архитектуралық композициялар мен орындықтар орнатылып, тұрғындар мен қонақтардың демалуына жағдай жасалады.
Хорлан Смадияр