Жарнама
Жаңалықтар

Исатай ауданында сот ғимараты пайдалануға берілді

Atr.kz/24 желтоқсан, 2019 жыл.  Жаңа ғимараттың ашылу салтанатына Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов, Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев, судьялар және Соттар әкімшісінің басшылығы, сондай-ақ Билер кеңесінің мүшелері мен сот жүйесінің ардагерлері қатысты.

Жаңа нысанды ашқан облыстық соттың төрағасы М.Бектұрғанов сот жүйесінің дамуына мемлекетпен ерекше көңіл бөлінетінін айтып, сот ұжымының жаңа ғимаратта әділ төрелікті асқан құлшыныспен жүзеге асыратынына сенім білдірді. Сондай-ақ, айтулы оқиғамен құттықтап, аталған жобаны іске асыруға қолдау көрсеткен Исатай ауданы әкіміне алғысын білдірді.

«Аудандық соттың жаңа ғимараты сот төрелігін жүзеге асырудың барлық заманауи стандарттарына сәйкес келеді. Мұнда судьялар мен сот қызметкерлерінің жұмысы үшін және ең бастысы өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінетін аудан тұрғындары үшін жақсы жағдай жасалған», — деді төраға.

Ал, Исатай ауданының әкімі М.Мурзиев өз сөзінде сот әділдігі сарайының ашылуы өңірдегі жарқын оқиға екендігін атап өтті. Мұнан кейін салтанатты шараға қатысушылар жаңа сот ғимаратын аралап, сот ұжымымен танысты.

Жаңа ғимаратта судьялар мен сот қызметкерлерінің жұмыс жасауына барлық жағдай жасалған. Фронт-офис, күту залы, бейнебайланыспен кешенді жарақтандырылған мәжіліс залдары, медиаторлар, прокурорлар мен адвокаттар, мұрағат кабинеттері тұрғындарға қызмет етеді. Ал, ғимараттың кіре берісінде электронды түрде қарауға болатын сот қызметі туралы қажетті электронды ақпараттар мен азаматтарды қабылдау кестесі орналастырылған. Тақтайшаларда қолданыстағы заңнама ережелері, сондай-ақ сотқа өтініш беру үшін қажетті құжаттардың үлгілері орналастырылған.

Тіпті, автокөлік тұрақтары, жүргіншілер жолы да талапқа сай салынған. Ал, арнайы пандустар мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ғимаратқа кіруіне қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

1

Мейрамгүл ӨТЕҒҰЛОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button