Жарнама
Жаңалықтар

Исатай ауданында «Артек» үлгісінде алып лагер салынады

Atr.kz/20-ақпан. Алдағы күндері атыраулықтар Каспий жағалауында демалу үшін Ақтауға ағылмайтын болады.

Өйткені, жанға жайлылық осы жерден табылады. Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Таубаевтың айтуынша, бүгінде теңіздің солтүстігі – Исатай ауданының Зинеден ауылы тұсынан 500 орындық оқу-сауықтыру лагерін салуға қам жасалуда.

Демалыс орнының жобалау-сметалық құжаттамасы жасалып, сараптамадан өтіпті. Жалпы құны 12 млрд. теңгені құрайтын нысан атақты «Артек» үлгісінде бой көтереді. Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте арнаулы аймақта шағын қонақүйлер, түрлі база мен жаңа демалыс орындары да салынатындығы айтылды.
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында Атырауда ауқымды жұмыстар жүзеге асуда. Қазірдің өзінде облыс орталығында 114 көп пәтерлі тұрғын үй жөнделіпті. Өткен жылы қайта жаңғырған қоныстың саны 12 еді.

Биыл бұл жұмыстар өз жалғасын табады. Атырау қаласында 13 тұрғын үйді жөндеу жоспарланып отыр. Оның 7-уі күрделі жөнделетін болса, 6 үйдің жеделсатысы ауыстырылады, — деді Нұрлан Таубаев.
Облыс әкімінің орынбасары қазіргі жылу беру маусымының жүруіне маңыз бере сөйледі. Оның дайындығына 8,4 млрд. теңге бөлінген. Бүгінде 402 білім беру, 158 денсаулық сақтау, 281 әлеуметтік сала нысаны жылумен қалыпты жағдайда қамтылуда. 1657 тұрғын үйді жабдықтауда кідіріс жоқ. Жылу беру маусымының өту барысы, көлденең оқиғаларға жол бермеу шаралары күнделікті зерттеліп отыр.
520 шақырымды құрайтын жылу желілерін түгендеу жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде Атырау қаласында 31,405 шақырым иесіз жылу желілері бары анықталды. Ал, аудандарда мұндай жағдай кездескен жоқ, — деді Нұрлан Бақтыбайұлы.

ARTEK
Иллюстравтивті фото

Жол құрылысында үлкен жұмыстар қолға алынуда. Облыстық бюджет есебінен жолдың қалған «Индер–Қарабау» аралығын қайта жаңғыртуға жобалау-сметалық құжаттама дайындалып, сараптамаға жолданыпты. Әлеуметтік нысандардың құрылысы ерекше қарқынмен жүріп жатыр. Мұнда шетелдік алпауыт компаниялардың көмегі ерекше екен. Осы жылы тұрғын үйлер бұрынғы кезеңмен салыстырғанда көбірек салынады.
Азамат БАЗАРБАЕВ.


Жалпы құны 12 млрд. теңгені құрайтын нысан атақты «Артек» үлгісінде бой көтереді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button