ӨҢІРЛІК КӘСІПКЕРЛІККЕ – КЕҢ ӨРІС
Отырыста Қазақстанда тиімді бизнес ахуалын қалыптастыру, ҰКП алдына қойған міндеттерінің есебінде Атырау облысында, сонымен бірге жалпы тұтас елімізде кәсіпкерлікті дамытудың перспективаларына қатысты мәселелер талқыланды.
Абылай Мырзахметов өз сөзінде облыста құрылған кәсіпкерлердің Өңірлік палатасы жергілікті кәсіпкерлердің мүдделерін білдіретіндігін және олардың құқықтарын қорғайтынын, сонымен бірге бизнесті дамытуға мүмкіндік жасайтынын атап өтті. Шара барысында Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы болып Абай Төкенұлы Жұмағұлов бірауыздан сайланды.
Естеріңізге салсақ, биылғы 9 қыркүйекте Үкімет пен «Атамекен» одағы» ҚҰЭП бірлесіп, Ұлттық Кәсіпкерлік палатасын құру туралы шешім қабылдаған болатын.
Меңдібай СҮМЕСІНОВ.