
Жаңалықтар
Иректіден жіберілген су азаюда
Батыс Қазақстан облысы аумағынан келетін су есебінен тәуліктік көрсеткіш өзгерді.
«Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мәлімдеуінше, Индербор кентінде — 27 см, Махамбет гидробекетінде — 45 см, Атырау қаласында 36 сантиметрге көтеріліпті. Қазір гидробекеттер су деңгейін әр 4 сағат сайын бақылап отыруға көшті.
Айтпақшы, Иректі су қоймасынан тасыған су көлемі секундына 1342 текше метрге бәсеңдепті.
Жем өзеніндегі су деңгейі бір тәулікте 15 сантиметрге, ал Қиғаш-Шортанбай гидропостындағы көрсеткіш судың 8 сантиметрге азайғанын көрсеткен.
Малика ТӘКЕЖАНОВА