Жарнама
Жаңалықтар

Иректіде су секундына 1650 текше метрге дейін өсті

«Иректі су қоймасынан жіберілген су секундына 1650 текше метрге дейін күрт көбеюде», — деп хабарлайды ural56.ru интернет ресурсы.

Ресейліктер мұндай көрсеткіш 1994 жылы болғанын айтады. Онда да су көлемі секундына 1300 текше метрден аспапты. Ал биыл бүгінге дейін Иректі қоймасынан жіберілген су көлемі бірнеше рет өскен. Мәселен, 31 наурыз күні секундына – 90, 1-2 сәуірде – 390, ал 3 сәуірде 620-1050 текше метр аралығында көрсеткен. Ал 4 сәуір таңертең бұл көрсеткіш 1314 болса, түстен кейін 1650 текше метр су жіберілген.
Малика ТӘКЕЖАНОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button