
Жаңалықтар
iPhone бағасы 1,8 млн. теңгеге дейін көтерілуі мүмкін
АҚШ президенті Дональд Трамп Apple компаниясының құрылғыларын Америкада өндіруін қалайды. Wedbush аналитигі Дэн Айвстың айтуынша, егер iPhone АҚШ-та жасалса, оның бағасы 3500 долларға (шамамен 1,8 млн. теңге) дейін жетуі мүмкін. Бұл туралы Tengelifekz ақпараттық ресурсы хабарлады.
Алайда өндіріс АҚШ-қа көшірілмесе де, баға өсімі бәрібір күтіліп отыр.
UBS сарапшылары Қытайда шығарылатын құрылғылардың бөлшек бағасы шамамен 30 пайызға қымбаттайтынын болжайды.
А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ