Жарнама
Жаңалықтар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМ ӨТКІЗІЛМЕКШІ

 

Бұл туралы сейсенбі күні ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінде «ҚазАгро» ҰБХ-нің атқарушы директоры Айгүл Мұхамадиева мәлім етті. Оның сөзінше, инвестиция негізінен төрт бағытта салаланып отыр: өңделген құс және ІҚМ еті өнімдерінің өндірісі, 15 000 тонна өнімді (жүгері) бір уақытта сақтау көлемі бар элеватор құрылысы, тамшылатып суландыру жүйенің құрылысы және 1200 басқа арналған сүт-тауар фермасының құрылысы.

«Сонымен қатар, бірқатар әлеуетті шетел инвесторлары нарықты зерттеу және келесі бағыттар бойынша бірлескен жобаларды іске асыру үшін жергілікті серіктестерді іздеу үстінде. Соңғы жылдары Қазақстан шетел инвесторларын мемлекеттік қолдау бойынша көптеген шаралар қабылдады. «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, инвесторлардың инвестицияларға, қарыздарға, өндірістік шығындарға субсидия түрінде қолдаудың артықшылықтарын бағалауға мүмкіндігі бар. Бұдан бөлек ауылшаруашылық саласындағы кәсіпорындар үшін салық мөлшерлемесінен 70 пайыз жеңілдік беріледі» деп атап өтті А.Мұхамадиева өз сөзінде. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button