Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Инвестициялық жобалар – ел игілігіне!

ІV халықаралық «АТҮRАU ІNVЕSТ-2017» инвестициялық форумы сәрсенбі күні «Сұлтан Палас» қонақүйінде жалғасты. Алқалы жиынды облыс әкімі Нұрлан Ноғаев кіріспе сөзбен ашты.

00001-840x420

Өткен жылы аймақта жалпы сомасы 2,8 млрд. теңгені құрайтын жеті жоба жүзеге асты. Индустрияландыру бағдарламасы аясында қолға алынған жобалардың қатарында тығыздама төсемелер, электротехникалық құрал-жабдықтар мен болттық жалғамалар өндірісі, кабель науаларын (лоток) және электр қалқандарын өндіру зауыты бар. Жыл қорытындысында өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 4,4 трлн. теңгеге жетті.

– Биыл облыста төрт инновациялық жобаны іске қосу жоспарлануда. Роботты дәнекерлеу тәсілінің көмегімен металқұрастырмалар өндірісін, фармацевтика зауытын, балық өсіретін тоған шаруашылығы мен макарон өндіру цехын іске қосу жұмыстарын  айтуға болады. Бұлардан өзге, облыста жалпы құны 14 трлн. теңгені құрайтын, 20 мыңнан астам жұмыс орнына есептелген 20 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Мұнда шетелдік инвесторлардың өзіндік үлесі барын айтқанымыз жөн. Сол секілді, Теңіз кенішін кеңейту жобасы шеңберінде атқарылар жұмыстардың нәтижесінде мұндағы «қара алтын» өндірісінің көлемін 27-ден 39 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға жол ашылады, – деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

Инвестиция Ц ¦лгер¦

Мүмкіндігі мол аймақ

Пленарлық мәжілісте Бельгия Корольдігінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мишель Петерманс екі ел  арасындағы экономикалық, мәдени байланыстардың жылдан-жылға нығайып, түрлі саладағы әріптестік қарым-қатынастардың жүйелі жолға қойылғандығын атап айтты. Орынбор облысының (Ресей) вицегубернаторы Наталья Левинсон Атырау мен Орынбор облыстарының ұқсастығына көбірек тоқталды.

– Екі өңір де донор аймақтардың санатына жатады. Экономикаларының жетекші салалары да мұнай-газ өнеркәсібі болып табылады. Бүгінде Орынбор өңірі күн энергиясын өндіріп, өндіріске пайдалануға, энергетика, қоршаған ортаны қорғау, туризм бизнесін өркендетуге айрықша маңыз беріп отыр, – деді ол.

Инвестиция Ц ¦лгер¦

Меморандум  сомасы – 3,3 млрд. доллар

«ATYRAU INVEST-2017» форумы аясында Атырау облысының әкімдігі жалпы сомасы 3,3 млрд. АҚШ долларын  құрайтын 9 меморандумға қол қойды.

Қазыналы өңір инвестиция тартуда республикада көшбасшы саналады. Мәселен, өткен жылы сырттан келген қаржының көлемі  2 трлн. теңгені құрады, оның 1 трлн. теңгесі – сыртқы инвестиция. Ал, өнеркәсіптік өндірістің көлемі 4,4 трлн. теңгеге жетіп отыр.

Инвестициялық форум  аясында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев журналистерге арнап брифинг өткізді.

Инвестициялық форумның нәтижесі туралы не айтар едіңіз?

– Қандай ма басқосу өзара байланысты нығайтуға себепші. «ATYRAU INVEST-2017» форумының мақсаты Атырау облысының инвестициялық мүмкіндігімен таныстыру, облыс экономикасына және инвестицияларды нақты инвестициялық жобаларға тарту болатын. Оған 20 мемлекеттің өкілі, жүзден астам компанияның басшы, қызметкерлері келді. Форум қонақтарының қатарында орталық және жергілікті мемлекеттік мекемелер, ұлттық компаниялар мен даму институттарының, Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктердің өкілдері мен шетелдік және отандық инвесторлар бар.

Көрмеге қатысушылар өз-дерінің өндірген өнімін, көрсететін қызметін көпшілікке ұсынды. Онымен Атырау облысының кәсіпкерлері жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Бұл олардың тың бастама, жаңа жобаларды жүзеге асыруына жол ашатыны анық. Өз кезегінде инвесторлар да мұнай-газ саласына қатысты, экономиканы әртараптандыру бағытындағы қолға алынған шаралардан хабардар болды.

Өңірімізге инвесторлардың ерекше қызығушылық танытуының себебі неде?

–  Елбасының жүргізіп отырған салиқалы саясаты осы сұрақтың жауабы бола алады. Еліміздегі, оның ішінде Атырау облысындағы инвестициялық ахуалдың тұрақтылығы ірі  компаниялардың ерекше қызығушылығын туғызып отыр. Олар қаражат салып, оның қайтарымын көруге ынталы. Соның көрінісіндей, бүгінгі инвестициялық форумда мұнай-химиялық парктың аясында жүзеге асырылатын 620 млн. теңгенің жобасын іске асыру жөніндегі меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, жергілікті жерде агрессивті ортадағы металды тот баспау технологиясын жүзеге асыру жұмыстары қолға алынуда. Сол бойынша «ЗаманНефтеМаш» ЖШС-мен келісімге келдік.

Жалпы, инвесторлар тек мұнай-газ саласы ғана емес, өнім өндіру, өңдеу, ауыл шаруашылығы бағытына ерекше қызығушылық танытуда. Олардың ұсынған жобалары біздің тарапымыздан әркез қолдау табады. Оның үстіне Мемлекет басшысы экономиканы әртараптандыру, шикізаттан басқа да салаларды дамыту бойынша міндеттер жүктеп отыр.

Форум аясында екі панельдік сессия өткізілді. Оған қатысушы ұлттық компаниялар мен кәсіпорындардың, атқарушы орындар мен мемлекеттік билік және бизнес құрылымдарының өкілдері сессияның күн тәртібіне енгізілген тақырыптарды талқыға салып, ойларымен бөлісті.

Дәулетқали Аруев

Азамат Базарбаев

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button