c89c8be4f5d49fe6ca5f9960d55f9c1f XL

«Интернет-карта» деструктивті аудиторияға төтеп береді

Дін Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/19 маусым, 2019 жыл. Ғаламтор кеңістігіндегі деструктивті аудиториямен күрес мақсатында «Kazdream Media» компаниясы әзірлеген «Интернет-карта» жобасы қолданысқа енгізілді.

Аталған карта негізінде қауіпті діни мағлұматтарды автоматтандырылған түрде жинау және сараптау қарастырылған, осы арқылы псевдосалафизм идеологиясы таралуын бақылауға, қауіпті аккаунттарды анықтауға, деструктивті діни ағым ұстанушылары таратқан уағыздарды анықтап, жауапкершілікке тартуға мүмкіндік беріп отыр.

«Мәселен, ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң талаптарын бұзғаны үшін өткен жылы 16 адамға айыппұл салынды. Биылғы жылдың алты айында түрлі құқықбұзушылық жасаған 31 адамға айыппұл салынды» деді Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған