Астана әуежайында жолаушыларды тіркеудің жаңа әдісі енгізіледі

img 2290 Жаңалықтар

Астана әуежайында жолаушыларды биометриялық сәйкестендіру бойынша тіркеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде 2023 жылғы 24 қараша күні ҚР Көлік министрлігі мәлім етті.

    «ҚР көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Астана халықаралық әуежайына барып, ондағы қауіпсіздік жүйелері, пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз ету және әуежайдың жұмысымен танысты. Сондай-ақ әуежайда цифрландыру деңгейін арттыру мәселелері бойынша кеңес өтті. Онда әуежайды одан әрі дамыту перспективаларына қатысты мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, биометриялық сәйкестендіру мүмкіндігін енгізу. Нәтижесінде жолаушылар рейске тіркелу кезінде барлық қажетті операцияны жасай алады, құжаттарды өз бетінше толтырады және басып шығара алады. Сонымен бірге паспорттың электрондық нұсқасын толық пайдаланады», – делінген министрлік хабарламасында.

Бұған қоса, арнайы құрылған фокус-топ биометриялық сәйкестендіру бойынша жолаушыларды тіркеу бағдарламасын тест режимінде іске қосатынын мәлімдеді.

Сурет: freepik

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз